News Item
ЕҚЫҰ Қазақстанмен бірге киберқылмыстарға қарсы ұлттық дайындық жүйесін әзірлеу бойынша ынтымақтасады
- Issued on:
- Шығарған:
- OSCE Programme Office in Astana
2026 жылғы 6 наурызда Астанада «Киберқылмыстарға қарсы ұлттық дайындық жүйесін қалыптастыру: тәсілдер, құзыреттер, серіктестік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі (әрі қарай - Офис) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен (әрі қарай – ІІМ) бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері, сондай-ақ судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері үшін киберқылмыстарға қарсы ұлттық дайындық жүйесін қалыптастыру бойынша негізгі алаң болды. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық миссиялар және Қазақстанның құқық қорғау органдарының ведомстволық оқу орындары өкілдері қатысты.
Пленарлық талқылаулар барысында қатысушылар Қазақстандағы киберқылмыстарға қарсы күрес жағдайын, құқық қорғау жүйесіндегі ведомстволық оқу орындарында кадрларды дайындаудың профильдік білім беру бағыттарын дамыту перспективаларын қарастырды. Арнайы назар 2025 жылғы тамыз–қазан аралығында қолданыстағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Europol-дың киберқылмыстар бойынша оқу Рамалық бағдарламасына сәйкес жүргізілген құзыреттерді бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ ұлттық құқық қорғау оқу орындарындағы тиісті бағыттар бойынша оқытушылардың білім беру бағдарламаларын және құзыреттерін талдауға аударылды.
Талқылаудың жеке бөлігі халықаралық тәжірибені киберқылмыстарға қарсы кадрларды даярлау жүйесіне бейімдеу мәселелеріне арналды. Сарапшылар әртүрлі елдердің тәжірибесін, соның ішінде Эстонияның тәжірибесін ұсынды және Қазақстанның құқық қорғау органдары мен сот жүйесі үшін Киберқылмыстарға қарсы ұлттық дайындық жүйесінің (National Cybercrime Training Framework, NCTF) жобасын таныстырды. Сондай-ақ киберқылмыстарға қарсы құзыреттердің ұлттық матрицасы мен электрондық дәлелдермен жұмыс істеу жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті – бұл құжат ЕҚЫҰ Хатшылығының Стратегиялық полиция ісі бөлімі аймақтық жобасы аясында әзірленген.
Қорытындысында ІІМ академиялары мен құқық қорғау және арнайы органдардың оқу орындары өкілдері кадрларды дайындау, қазіргі қиындықтар және киберқылмыстарға қарсы білім беру бағдарламаларын дамыту перспективалары мәселелерін талқылады.
Дөңгелек үстелдің өтуіне Германия Федеративтік Республикасы, Норвегия Корольдігінің, Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландия, және Финляндия Республикасы үкіметтері қаржылық қолдау көрсетті. Бұл іс-шара «Киберқылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімді саясатын әзірлеуде Қазақстан Республикасын қолдау» тақырыбындағы ЕҚЫҰ офисінің бюджеттен тыс жобасы аясында жүзеге асырылды, жоба ІІМ Қазақстан Республикасымен бірлесіп және Қазақстан Президенті Әкімшілігінің қолдауымен 2023 жылғы тамыздан бері жүзеге асырылып келеді.