News Item
ЕҚЫҰ Қазақстанда шекара қауіпсіздігін нығайту мақсатында құжаттарды тексеру жабдықтарын табыстауға жәрдемдеседі
- Issued on:
- Шығарған:
- OSCE Programme Office in Astana
2026 жылғы 6 мамырда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасы және Австрия Республикасымен бірлесіп, Астана халықаралық әуежайында Doculus Lumus құжаттарды тексеру жабдықтарын салтанатты түрде табыстау рәсімін өткізді. Іс-шара шекара қауіпсіздігін одан әрі нығайтуға және шекаралық бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталды.
Салтанатты рәсім барысында 25 Doculus Lumus құрылғысы табысталды. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне берілген құрылғылар саны шамамен 250 бірлікке жетіп, мемлекеттік шекарадан өту бекеттерінде құжаттарды тексеру мүмкіндіктерін айтарлықтай күшейтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының орынбасары полковник Ғани Ағаділов, Австрия Республикасының ішкі істер федералдық министрі Герберт Карнер, Австрия Республикасының Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің Басшысы Елші Алексей Рогов қатысты.
Австрияда әзірленген Doculus Lumus құжаттарды тексеру құрылғылары 15x/22x жоғары сапалы үлкейтуді, түстерді дәл беретін және бұрмаланусыз оптиканы, сондай-ақ қауіпсіздік элементтерін кеңейтілген тексеруге арналған ультракүлгін және жарықдиодты жарықтандыруды қамтиды. Бұл құрылғылар жалған жол жүру құжаттарын анықтауға, операциялық тиімділікті арттыруға және заңды трансшекаралық қозғалысты жеңілдетуге ықпал етеді.
Бағдарлама аясында жаңа жабдықты пайдалана отырып паспорттық бақылау рәсімдерінің тікелей көрсетілімі, сондай-ақ ЕҚЫҰ мен Австрияның қолдауымен дайындалған кинологиялық бөлімшелердің (K9) жұмыс көрсетілімдері, соның ішінде бұрын Қазақстанның Шекара қызметіне берілген «малинуа» қызметтік иттерінің қатысуымен көрсетілімдер өтті.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттермен, ұлттық органдармен және халықаралық серіктестермен бірлесіп, шекара қауіпсіздігін нығайту, институционалдық әлеуетті арттыру және заңсыз көші-қон, контрабанда, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымы сияқты трансұлттық қауіпсіздік қатерлеріне тиімді жауап беру бағытында өз жұмысын жалғастыруда.