Skip Links

News Item

ЕҚЫҰ мен Қазақстан оқ-дәрілердің қауіпсіздігі мен оларды басқару әлеуетін нығайтуды жалғастыруда

Issued on:
Шығарған:
OSCE Programme Office in Astana

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі (Офис) Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумының (FSC) Қолдау бөлімшесінің қолдауымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен тығыз ынтымақтастықта 16 шілде күні Алматы қаласында Оқ-дәрілерді сақтау және бақылау жөніндегі курстың (ASSC) екінші легін сәтті аяқтады.

2026 жылғы 8-16 шілде аралығында өткен тоғыз күндік курс Қорғаныс министрлігінің «Бітімгер» оқу-жаттығу полигонында ұйымдастырылып, практикалық жаттығулардың бір күні «Әли» полигонында өткізілді. Теориялық сабақтар ЕҚЫҰ жақында жаңартылған оқу сыныптарында өтті.Оқу сыныптар 2026 жылғы мамырда ресми түрде ашылып, оқ-дәрілердің өмірлік циклін басқару саласында жүйелі әрі практикалық оқытуды қамтамасыз етуге арналған.

Сыныптарыы жаңарту да, курсты өткізу де «Қазақстан Республикасындағы заманауи қауіпсіздік қатерлерін жою» бюджеттен тыс жоба аясында жүзеге асырылды. Жоба Қазақстанның кәдімгі оқ-дәрілердің өмірлік циклін басқару жөніндегі ұлттық әлеуетін нығайтуға және халықаралық стандарттарға сәйкес қауіпсіз, сенімді әрі орнықты қорларды сақтау тәжірибесін дамытуға бағытталған.

Курсты Бундесвердің верификациялау орталығы (BwVC) әзірлеп, өткізді. Сонымен қатар, Ұлыбританияның Қару-жарақты бақылауды жүзеге асырудың бірлескен ұйымының (JACIG) өкілдері қолдау көрсетті. Бұл курс келесі жылы оқ-дәрілерді тасымалдау және жою тақырыптарын қамтитын Оқ-дәрілер жөніндегі сарапшылардың құзыреттілігін арттыру курсының (AECC) алғашқы модулі болып табылады.

Тоғыз күндік  оқу барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің офицерлері мен техникалық мамандары тәуекелдерді басқару, БҰҰ-ның қауіптілік жіктемесі, таза жарылғыш зат мөлшерін (NEQ) және қауіпсіз арақашықтықтарды (QD) есептеу, қорғаныс бөгеттері мен үйінділер, уақытша сақтау, оқ-дәрілерді техникалық бақылау, өзін-өзі бағалау рәсімдері және өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін жетілдірді. «Бітімгер» және «Әли» полигондарында өткен практикалық жаттығулар қатысушыларға БҰҰ-ның Оқ-дәрілер жөніндегі халықаралық техникалық нұсқаулығына (IATG) сәйкес тәуекелдерді бағалау мен қауіпсіздік аймақтарын анықтау бойынша теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді.

«Бұл курстың нәтижелері практикада өз жалғасын табады деп сенеміз», – деді Офистің жоба менеджері Ярослав Курек. «Қатысушылардың күнделікті жұмысында, қауіпсіздік рәсімдерін жетілдіруде және бүкіл ел бойынша әріптестер арасында оқ-дәрілерді басқару мәдениетін нығайтуда оның нақты нәтижесін көреміз».

Оқу соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, олардың белсенділігі мен жетістіктері атап өтілді. ЕҚЫҰ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Бундесвердің верификациялау орталығына, Ұлыбританияның Қару-жарақты бақылауды жүзеге асырудың бірлескен ұйымына және ЕҚЫҰ Хатшылығына өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосқан тұрақты қолдауы мен серіктестігі үшін алғыс білдірді.

ЕҚЫҰ Қазақстанға кәдімгі оқ-дәрілердің физикалық қауіпсіздігі мен қорларды басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жеңіл атыс қаруы (SALW) және кәдімгі оқ-дәрілерді (SCA) тиімді бақылауға бағытталған заңнаманы жетілдіру бойынша қолдау көрсетуді жалғастырады.


Contacts

БАҚ сауалдары үшін

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі

Бейбітшілік көшесі, 10
Z10K8H4, Астана
Қазақстан

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі

Бейбітшілік көшесі, 10
Z10K8H4, Астана
Қазақстан