News Item
ЕҚЫҰ Қазақстанда TurKIDstan және PathMakers Burabay бастамалары арқылы елге қайтарылған балалар мен жастарды оңалту мен қоғамға қайта кіріктіруді қолдайды
- Issued on:
- Шығарған:
- OSCE Programme Office in Astana
2026 жылғы 20-26 маусым және 22-28 шілде аралығында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі «Жайық Жұлдызы» қоғамдық қорымен серіктестікте TurKIDstan және PathMakers Burabay бағдарламаларын іске асыруға қолдау көрсетті. Бағдарламалар Қазақстанға «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында қақтығыс аймақтарынан қайтарылған балаларға, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа негізделген экстремизм мен терроризмге әкелетін радикалдану қаупінің (VERLT) белгілері бар жасөспірімдерге арналды. Бастамалар балалар мен жастарды өз қауымдастықтарына тұрақты түрде қайта кіріктіру мен оңалтуды қолдауға бағытталған Қазақстанның кешенді жұмысы аясында тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырылды.
Бағдарламаларға TurKIDstan бастамасы бойынша 8-14 жас аралығындағы 15 бала (6 қыз және 9 ұл), ал PathMakers Burabay бағдарламасы бойынша 13-16 жас аралығындағы 12 жасөспірім (6 қыз және 6 ұл) қатысты. Іс-шараларды бірлесіп ұйымдастырушы – «Жайық Жұлдызы» қоғамдық ұйымының алты маманы және ЕҚЫҰ тартқан балалар психологі жүргізді. Олар бағдарламалар бойы тұрақты психоәлеуметтік қолдау көрсетіп, жеке және топтық бағалау жұмыстарын өткізді.
Бағдарламалар психоәлеуметтік қолдауды білім беру, мәдени, экологиялық және командалық іс-шаралармен ұштастырып, қатысушылардың өмірлік төзімділігін арттыруға, оң әлеуметтік қарым-қатынасты дамытуға және қоғамға тиесілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Топтық пікірталастар, интерактивті семинарлар, көшбасшылық жаттығулары, шығармашылық тапсырмалар және күнделікті рефлексия сессиялары арқылы қатысушылар қарым-қатынас жасау, эмоцияларды басқару және бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын жетілдіріп, өзіне деген сенімділік пен өзара сенімді нығайтты. Бағдарламалар барысында қатысушылар Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Бурабай және Астанадағы тарихи, мәдени және табиғи нысандарға танымдық сапарлар жасап, Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасымен танысты. Сонымен қатар экологиялық іс-шаралар, табиғат аясындағы командалық тапсырмалар және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылып, олар командалық жұмысты дамытуға, азаматтық бірегейлікті нығайтуға, мәдени әртүрлілік пен табиғатқа құрметті қалыптастыруға ықпал етті.
Қазақстанның Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшілері Алуа Надирқұлова мен Станислав Василенконы PathMakers Burabay бағдарламасы аясында қатысушылар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшілері Станислав Василенко және Алуа Надирқұловамен кездесіп, олардың мемлекеттің мүддесін кәсіби дипломат ретінде өкіл ету тәжірибесімен танысты әрі халықаралық қатынастар саласындағы болашақ мансаптық мүмкіндіктер туралы білді. Сонымен қатар, олар Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігіне және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисіне барып, ЮНИСЕФ-тің балалардың құқықтары мен әл-ауқатын ілгерілету жөніндегі қызметімен, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікке кешенді көзқарасымен және өңірдегі бейбітшілікке, орнықтылыққа және ынтымақтастыққа жәрдемдесу бағытындағы қызметімен танысты. Сапар барысында еріктілік, білім алу, кәсіби даму және азаматтық қатысу мәселелері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің болашақ мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтіп, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік алды.
Бағдарламалар Қазақстанның оңалту мен қоғамға қайта кіріктіру саласындағы кешенді тәсілін жалғастырып, балалардың мүддесіне негізделген және қоғамдастыққа бағытталған шаралар арқылы терроризмге әкелетін зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алуға үлес қосады. Балалар мен жасөспірімдердің психоәлеуметтік әл-ауқатын, әлеуметтік қамтылуын және жағымды тұлғалық болмысын нығайта отырып, бұл бастамалар ЕҚЫҰ міндеттемелері мен халықаралық озық тәжірибеге сәйкес Қазақстанның қоғамның орнықтылығын, әлеуметтік бірлігін және тұрақты қайта кіріктіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді күш-жігерін қолдайды.