News Item
Трансшекаралық су ресурстарын басқару саласындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 13-ші Жұмыс тобының отырысы
- Issued on:
- Шығарған:
- OSCE Programme Office in Astana
2025 жылғы 5 желтоқсанда Алматы қаласында Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілерін пайдалану жөніндегі Комиссиясының Хатшылығы (бұдан әрі – Комиссия) жанындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Жұмыс тобының 13-ші отырысы өтті өтті. Отырысты ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі мен ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі Бағдарламалар офисі Комиссиямен тығыз ынтымақтастықта қолдап, бірлесіп ұйымдастырды. Комиссия 2006 жылы құрылыпмандат алды.
Отырысқа Қазақстан мен Қырғызстаннан су ресурстары, қоршаған орта және төтенше жағдайларға дайындық саласындағы 23 маман мен лауазымды тұлға қатысты. Қатысушылар 2025 жылы жүргізілген гидрометеорологиялық мониторинг тәсілдері, су сапасын зертханалық талдау және су сынамаларын алу бойынша нәтижелермен бөлісіп, оларды талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын қабылдады. Жоспарға маусымдық су сынамаларын өзара келісілген негізде алу, Шу және Талас өзендеріндегі су тасқыны үдерістерін гидродинамикалық модельдеу, экологиялық ағарту және білім беру іс-шаралары, сондай-ақ 2026 жылы Бішкек қаласында өтетін 14-ші Жұмыс тобының отырысында талқыланатын тақырыптар енгізілді.
Комиссияның қызметі ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі және Астанадағы Бағдарламалар офистері тарапынан көпжылдық негізде қолдау тауып келеді. Бұл қолдау аталған үкіметаралық платформаның жұмысын қамтамасыз етуге, су ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік мекемелердің әлеуетін арттыруға, шекарааралық су ресурстарын басқару бойынша диалогты дамытуға және көршілес ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.