Skip Links

БАҚ еркіндігі мен дамуы

Жергілікті журналистер желісімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметпен және азаматтық қоғам сарапшыларымен қызмет істей отырып, Офис қазақстандық медиа-заңнаманы кеңінен қоғамдық талқылауды ынталандырады және оны реформалау жөніндегі үкіметтің күш салуын қолдайды. Офис сонымен қатар журналистердің әлеуетін арттыру бағытында, келесі тақырыптар бойынша оқыту курстарын өткізеді: экономикалық және экологиялық қауіпсіздік; адам құқықтары; терроризмді бұқаралық ақпарат құралдарымен жариялау кезіндегі этикалық ойлар; гендерлік мәселелер; ашықтық; ақпаратқа қол жеткізу және жаңа технологиялық құралдарды пайдалану.