Book
Хельсинки Қорытынды актісі (1975) және Астана Саммиті (2010) мерейтойына орай ЕҚЫҰ жетістіктері мен сын-қатерлері
2015 ж. 23 қазан күні Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп, «Хельсинки Қорытынды актісі (1975) және Астана Саммиті (2010) мерейтойына орай ЕҚЫҰ жетістіктері мен сын-қатерлері» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Аталған жинаққа ЕҚЫҰ қызметінің негізгі міндеттері мен қамтитын мәселелердің кең ауқымын, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік және аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін сараптайтын конференцияның қазақстандық және шетелдік қатысушыларының баяндамалары енді. Басылым саясаттанушылар, халықаралық қатынастар мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның заманауи дамуы мәселесіне қызығушылық танытатын оқырмандардың кең ауқымына арналған. Басылым ағылшын және орыс тіліндегі нұсқасында қолжетімді.
- Күні:
- Дереккөз:
- OSCE Programme Office in Astana
- Баспа:
- Organization for Security and Co-operation in Europe
- Біздің жұмыс:
- Қауіпсіздік секторы саласындағы реформалау және ынтымақтастық