Skip Links

  • Skip to content
  • Skip to main navigation
  • Skip to search
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біздің жұмыс
  • Іс-шаралар
  • Жаңалықтар
  • Ресурстар
back to OSCE
Programme Office in Astana
  • English
  • Қазақ
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біздің жұмыс
  • Іс-шаралар
  • Жаңалықтар
  • Ресурстар

Photo Gallery

ЕҚЫҰ Орталық Азия жастар желісінің 13-ші семинары (CAYN)

Дарина Солодовникова (сол жақта) Hook.Report негізін қалаушы және бас редакторы, Өзбекстан және Константин Пак (оң жақта), Қазақстан қаржы қауымдастығындағы Fintech даму бөлімінің басшысы (оң жақта) деректер мен цифрландыру біздің өмірімізге қалай әсер ететіні туралы айтуда. Алматы, 25 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Бақытжан Арыстанбек | Photo details
Дьердь Сабо Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы (сол жақта) және Самуэль Года ЕҚЫҰ жастар ісі және қауіпсіздік жөніндегі қазіргі төрағасының арнайы өкілі (оң жақта) Орталық Азия жастар желісі 13-ші семинарының (CAYN) ашылуында, Алматы, 25 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Асель Қаратаева | Photo details
Семинар қатысушылары CAYN түлектерімен дайындалған танысу сессиясы кезінде, Алматы, 24 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Колин Маккалоу | Photo details
Қазақстанның Интернет-қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров CAYN студенттерімен Орталық Азиядағы цифрлық қауіпсіздік мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылауда. Алматы, 25 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Асель Қаратаева | Photo details
Надия Бабынска, Data for Cities жобасының үйлестірушісі, Украина және CAYN қатысушысы деректердің қолжетімділігі мәселесін талқылауда. Алматы, 25 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Асель Қаратаева | Photo details
"Stand up for Afghan Women" ұйымының директоры Манижа Пактин аймақтағы бизнес-бастамаларды іске асыру мәселелері бойынша өз ойымен бөлісуде. Алматы, 25 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Асель Қаратаева | Photo details
ЕҚЫҰ Хатшылығының кадрлар бөлімінде персоналды іріктеу жөніндегі қызметкері Марта Фернандес де Мазарамброз Мансаптық өсу орталығындағы сессияда халықаралық ұйымдарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы әңгімелеуде. Алматы, 26 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Колин Маккалоу | Photo details
Ауғанстаннан келген студент Таланттар шоуында халық биін көрсетуде. Алматы, 27 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Колин Маккалоу | Photo details
CAYN студенттері сурет салып, бір-біріне сыйлай отырып, өнер және коммуникациялар туралы талқылауда. Алматы, 27 маусым 2019 ж.
© CAYN түлегі | Photo details
Дьердь Сабо Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы және Самуэль Года ЕҚЫҰ жастар ісі және қауіпсіздік жөніндегі қазіргі төрағасының арнайы өкілі сессиялар арасындағы пікірталастар кезінде, Алматы, 25 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Колин Маккалоу | Photo details
Студенттер Дмитрий Щеголихин, Movators Idea киностудиясының бас продюсерімен бірге, Қазақстан. Алматы, 25 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Колин Маккалоу | Photo details
Студенттер тобы алматылықтар арасында жүргізілген "Scavenger Hunt" зерттеу нәтижелерін ұсынуда. Алматы, 26 маусым 2019 ж.
© CAYN түлегі | Photo details
Студенттер мансаптық өсу орталығында жұмысқа қабылдау үшін әңгімелесудің симуляциясы кезінде. Алматы, 26 маусым 2019 ж.
© CAYN түлегі | Photo details
Студенттер CAYN семинарының бірінші күнінен кейін топтық фото жасауда. Алматы, 25 маусым 2019 ж.
© ЕҚЫҰ/Колин Маккалоу | Photo details

2019 жылдың 25-27 маусым аралығында Алматыда ЕҚЫҰ Орталық Азия жастар желісінің (CAYN) жыл сайынғы семинары өтті. Семинар тақырыбы "Диалог. Деректер. Цифрлық қауіпсіздік" мәселелеріне арналды. Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Бішкектегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға Орталық Азия, Ауғанстан және Моңғолиядан келген 35-ке жуық CAYN түлектері мен студенттер қатысты. ЕҚЫҰ өкілдері, сондай-ақ Ауғанстаннан, АҚШ, Өзбекстан мен Украинадан келген сарапшылар, ЕҚЫҰ Хатшылығының мамандары мен жеке және азаматтық қоғам секторларының жетекші өкілдері қатысушылармен өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті. Талқылаулар кезінде бас назар қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі диалог рөліне, басқару мен бизнестегі деректерді пайдалануға, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздікке аударылды.

Күні Күні:
15 November 2024
Дереккөз Дереккөз:
OSCE Programme Office in Astana

Байланыс

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі

Бейбітшілік көшесі, 10
Z10K8H4, Астана
Қазақстан

Phone: +7 7172 580070
Email: poia@osce.org

Social media:

@osceinastana
Facebook
@osce_astana

Footer

  • Contacts
  • Employment
  • Subscribe for updates
  • Social media
    • Go to X Go to X X
    • Go to LinkedIn Go to LinkedIn LinkedIn
    • Go to Facebook Go to Facebook Facebook
    • Go to Instagram Go to Instagram Instagram
  • Press
  • Partnerships

Footer2

  • Terms of Use
  • Procurement
  • About this website
  • Report wrongdoing
  • Feedback