Ақпаратқа қол жеткізу бойынша онлайн дискуссия
Roundtable
- Күні:
- Location:
- Онлайн
- Organized by:
- Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, «Құқықтық медиа-орталығы» ҮЕҰ
- Дереккөз:
- OSCE Programme Office in Astana
- Fields of work:
- БАҚ бостандығы және дамуы
Іс-шараның видео-жазбасын мынадан көруге болады.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен «Құқықтық медиа-орталығы» ҮЕҰ бірлесіп мемлекеттік органдардан, ғылыми ортадан, азаматтық қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты мемлекеттік емес ұйымдарынан келген 35-ке жуық қатысушыға ақпаратқа қол жеткізуге арналған онлайн дискуссияны ұйымдастырды. Құқықтық медиа-орталығы қатысушыларға ақпаратқа қол жетімділік туралы ұлттық заңнамаға шолу жасап, әртүрлі санаттағы ақпаратты жіктеу, ақпаратқа қол жеткізу құқығын қорғау және ашықтық, есеп беру мәселелері бойынша ақпарат берді. Ұлттық сарапшы қызметтік бабында пайдалануға арналған ақпаратты (қызметтік пайдалануға арналған құжаттарды) реттейтін құқықтық актілерге құқықтық талдау жасады. Қатысушылар сондай-ақ бюджет шығыстары туралы ақпараттың қол жетімділігі, әртүрлі мемлекеттік органдардың ресми ақпаратқа қол жетімділігін реттейтін рәсімдер және азаматтық қоғамның ақпаратқа қол жетімділігін реттейтін заңнамалық процеске қатысуы мәселелерін талқылады.