Деректерді талдау бойынша онлайн оқыту семинары
Seminar
- Күні:
- Location:
- Онлайн
- Organized by:
- Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі
- Дереккөз:
- OSCE Programme Office in Astana
- Fields of work:
- БАҚ бостандығы және дамуы
Іс-шараның видео-жазбасын мынадан көруге болады.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қазақ тілді журналистердің деректерді басқарудағы біліктілігін арттыру мақсатында үш күндік семинарды ұйымдастырды. Ұлттық сарапшылар контентті әзірлеу, талдау және оны алға жылжыту үшін үлкен деректермен жұмыс және деректерді визуализациялаудың жаңа тәсілдерін көрсетті. Олар ашық ақпарат көздерінен алынған әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін өңдеу әдістерін ұсынды. Қатысушылар деректер журналистикасы мен үлкен деректерді пайдалану кезіндегі сыни ойлаудың үздік тәжірибелерін зерттеді.