Skip Links

News Item

Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы көші-қонды басқаруды жетілдіруге атсалысады

Қазақстаннан келген сарапшылар тобы үшін көші-қонды басқару мәселелері бойынша бес күндік таныстыру визиті Минск қаласында 2012 жылдың 22 қазанында басталды. Бұл шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен және офисі Астанада орналасқан Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйыммен (ХКҚҰ) ұйымдастырылды...

Issued on:
Шығарған:
OSCE Programme Office in Astana
Fields of work:
Экономикалық қызмет

Қазақстаннан келген сарапшылар тобы үшін көші-қонды басқару мәселелері бойынша бес күндік таныстыру визиті Минск қаласында 2012 жылдың 22 қазанында басталды. Бұл шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен және офисі Астанада орналасқан Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйыммен (ХКҚҰ) ұйымдастырылды.

Қарағандыдағы ІІМ Академиясының лекторлары, үкімет және азаматтық қоғам өкілдері Белорусь әріптестерімен көші-қон, көші-қон саясатының гендерлік аспектілерін ескере отырып, халықаралық көші-қон заңнамасы, әлеуеттерді түзету және өсіру әдістері мәселелері жөнініде  пікірлерімен және тәжірибелерімен алмасады. Күн тәртібінде Минск қаласында Беларусь Республикасының Ішкі істер министрлігі Академиясында және ХКҚҰ-да қызметтік отырыстар, сонымен қатар осы салада жұмыс жасайтын ресми тұлғалармен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер белгіленген.

Таныстыру визиті Қазақстан Республикасындағы еңбек көші-қонын басқарудың халықаралық тәжірибесін алға жылжытуға атсалысу бойынша ЕҚЫҰ Орталығы қызметінің бір бөлігі болып табылады.


Contacts

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі

Бейбітшілік көшесі, 10
Z10K8H4, Астана
Қазақстан