Skip Links

News Item

ЕҚЫҰ-ның гендерлік тұрғыдан сезімтал коммуникацияны дамытуға қосқан үлесі: Ақтауда жүргізушілер мен курьерлерге арналған тренинг өтті

Issued on:
Шығарған:
OSCE Programme Office in Astana

2026 жылғы 5 мамырда Ақтау қаласында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Таксопарктер мен Курьерлік Қызметтер Қауымдастығымен бірлесіп, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің қолдауымен әйел-жолаушылармен гендерлік тұрғыдан сезімтал коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған такси жүргізушілері мен курьерлерге арналған бір күндік тренинг өткізді. Тренингке Yandex Go, inDrive, Glovo, Wolt сияқты платформаларда жұмыс істейтін және әртүрлі таксопарктерді ұсынатын 30 жүргізуші мен курьер қатысты.

Іс-шараның ашылу рәсімінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының инспекторы Айжан Көшкінбай сөз сөйледі. Бағдарлама аясында гендерлік этика және харассменттің алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ сапар барысында құрметке негізделген әрі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға арналған тақырыптық сессиялар өткізілді. Maqsut Narikbayev University-дің гендерлік зерттеушісі әрі оқытушысы Айгерім Құсайынқызы және адам құқықтары жөніндегі сарапшы, қоғам қайраткері Айтбек Амангелді сарапшылар ретінде практикалық мысалдар мен ұсыныстар жасап, кейін қатысушылар ашық диалог форматында негізгі мәселелерді талқылады.

Бұл бастама Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның гендерлік теңдік пен кемсітпеушілік саласындағы міндеттемелеріне, соның ішінде 2004 жылғы гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі ЕҚЫҰ іс-қимыл жоспарына сәйкес, дискриминация мен зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін ілгерілетуге бағытталды.

Тренингтің өткізілуі қоғамдағы қауіпсіз кеңістіктерді қалыптастыруға және Ақтауда жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етті.


Contacts

БАҚ сауалдары үшін

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі

Бейбітшілік көшесі, 10
Z10K8H4, Астана
Қазақстан

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі

Бейбітшілік көшесі, 10
Z10K8H4, Астана
Қазақстан